Жан әлемі

Сәуір 16, 2008

Арқаға қар жауды.

төмендегі жазбалар Категориясы жоқ — zhannur @ 9:57 тд

Кеше ғана ел жеңіл киімдерін киіп жатса, күн шуағына бөленіп жатса, бүгін Қарағандыға қыстың қаһары келді. Таң атқаннан күн суық еді, енді түстен бастап қар толастар емес. Оның үстіне жел қосылып, күн борандатып тұр. Естуімше кеше Астанада да қар жауып, боран болды деген. Сонда құрбым Әйгерім “сол қар ертең бізге келер” деп еді. Айтқаны келді.  Көктемнің күлімдеген күнінде күннің күрт өзгеруі, мүмкін тылсым табиғаттың таңғажайыбы болар.

Наурыз 12, 2008

Жымиясың сен неге?

төмендегі жазбалар Ақпарат — zhannur @ 1:57 тк

     Жақында, дәлірек айтқанда ақпан айының соңында,  кураторымыз Мартбек Тоқмырзаның тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Кітабының аты “Жымиясың сен неге?” Онда сатриалық әңгімелер, сықақ өлеңдер, шартты фельетондар мен интермедиялар топтастырылған. Оның көптеген сатиралық шығармалары республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жалын”, “Ара” т.б. басылымдарында жарық көрген.

Мартбек аға қазіргі қазақ сатирасының орта буын өкілі.  Ол Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетінің түлегі.  Отбасылық жағдайына келер болсақ - бір әйелі, екі ұлы бар. Осы кітаптан алынған бір-екілі (қысқа) сатиралық шығармалары. 

ЕМТИХАН

Мал дәрігерлік институтта емтихан жүріп жатыр.

Профессор: Егер мал жұқпалы аурумен ауырса не істейміз?

Студент: Етке салып жібереміз.

Профессор: Шырағым-ау, сонда қалай? Ол малдың етін жеген адамдар ауруға шалдығады ғой.

Студент: Бұл сұрақтың бізге қатысы жоқ деп ойлаймын.

Прфессор: Неге?

Студент: Себебі, ауырған адамды біз емес, дәрігерлер емдеуге тиіс.

                                                       ҮЙЛЕНУ

Үйлену - өз еркіңмен қойнына жылан салу. Онымен өмір бойы арбасып өту. Егер ол шақпайтын болып кездессе - бағың жанды. Ал улы болса, сорыңды қайнатып шағады да отырады. Жыланның тісін қағып алып, залалсыздандыруға болады ғой. Бірақ ондай шеберлер сирек кездеседі.

Наурыз 1, 2008

Көктем келді…

төмендегі жазбалар Категориясы жоқ — zhannur @ 11:59 тд

Алғашқы жазбаны жазғаннан кейін, күніне қарасам 1 наурыз. Бүгін көктемнің алғашқы күні. Сондықтан барша адамзатты көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын!

Қарағандыға көктем ерекше ауа-райымен келді. Аспаннан күн күлімдеп тұр, адамдардың барлығы ерекше бір көңіл күйде. Қыстық тондарын шешіп, жеңілденіп қалғандай.

Табиғат Ана әдемі әсемдікке бөленіп тұр!

Дәл бүгін, бәлкім, ақындардың жаңа бір өлеңі туып, қыздарымыз құлпырып, жігіттеріміз ғашық болып жатқан шығар….

Бұл көктем бізге мол жақсылығын  берер!

Жауапты кезең!

төмендегі жазбалар Категориясы жоқ — zhannur @ 11:46 тд
Tags: , ,

Осы бір аптаның қалай өте шыққанын білмей қалдым. “Келер күн баяу жылжиды, бүгінгі күн сынаптай сырғиды, өткен күн құйындай ұйытқиды” деген сөздің жаны бар.

Бүгін тағы да күндегі әдетіміз бойынша университеттке келдік. Күні бойы дайындық үстінде болдық. Не үшін дейсіңдер ғой. Дүйсенбіден бастап, ҚарМУ мемлекеттік аттестациядан өтеді. Бұл аттестациядан әрбір жоғарғы оқу орны 4 жылда бір рет өтіп отырады екен. Ал біздің ҚарМУ алғаш рет 2004 жылы өткен. Енді міне, биылғы жылға дөп келіп тұр. Әйтеуір бізге келгенде барлығы дайын тұрады. (Тура биыл болуын қарашы!!!) Мектеп бітіретін жылы “тест”, “тест” деп республикада бірінші болып ҰБТ тапсырған едік. Бұл сынақтан өттік. Одан оқу орнына түскеннен кейін, яғни 2 курс бітіретін жылы  Мемлекет аралық бақылау болды.  Дәл бізге келгенде мұның да өткізу тәртібі өзгерді ғой. Жылда студенттер ҚарМУ-дың өзінде тапсыратын еді. Бұл жолы басқа университеке барып тапсырдық. Ол сынақтан да өттік. Енді дүйсенбі күні аттестация тапсырамыз. Тағы тест. Әр студент 72 балл жинау қажет. Бірақ журналистика кафедрасына мынадай өзгеріс қойыпты. Тележурналистика мен Публицистика жанры пәндерінен шығармашылық емтихан тапсырамыз. Ал Қазақ журналистикасының тарихы және Журналистикаға кіріспеден тест тапсырамыз.  Бұл тек қана өзіміз үшін емес, кафедра үшін де жауапты сын.

Бұл сыннан да сүрінбей өту керек.

Ақпан 19, 2008

Нұрдың күші…

төмендегі жазбалар Оқыңыз қызық... — zhannur @ 1:23 тк

Бір күні Күн, Су, Жел жағажайда серуендеп жүрген ақ сазандай сұлу қыздың алқызыл көйлегін кім шешіндіре алар екен деп өзара бәстеседі. “Мен шешіндіремін!”-деп алаөкпе Жел бірінші ұмтылыпты. Алақ ұйындатып қойнынан да, қонышынан да сумаңдап, көйлегін жұлқылап, әбден әуреге түсіпті. Қанша жұлқыса да, екі түймесін ағытқаннан басқа дәрменге шамасы жетпепті.

“Е-хе-хе!”-деп сылқылдай күліпті Су. -Шамаң келмейтіні бар, несіне әуре болдың? Енді маған қара!”-деп толқынмен серпи қызды ақ көбікке шомылдырып алыпты да, ағысқа сап екпіндете жұлқи беріпті. Оның да көйлек тігісін сөккеннен басқа ештеңеге шамасы келмепті…

“Бұларың бос әурешілік,-депті сонда Күн көктен күлімдей қарап,-Қызды осынша жұлқып, әуреге салғандарың не?”-деп бар шуағы мен жылылығын жерге аямай төгіпті.

Күн нұрынан ыстықтар, терлей бастаған қыз еріксіз көйлегін шешіп, ақ денесін желге тосып, суға қарай аяңдаған екен.

Осындай қызық әңгімені Кентау қаласының тұрғыны Бекжігіт Сердәлі жазған екен. “Қазақ әдебиеті” газетінен алынды.

Тіс щеткасы Араб елінен тараған

төмендегі жазбалар Оқыңыз қызық... — zhannur @ 1:09 тк

Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасының арғы тегі қайдан екенін білесіздер ме? Соны мен де білмедім. Жақында ғана интернетттен тауып алып, аударып сіздермен де бөлісіп отырмын. Негізгі әңгімеге көшейін. Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай  уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” (дұрыс атауы “мизвак” емес, “мисуәк”екен, сондықтан кешірім өтінемін) деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-ң “Дюпон” фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды. Сөйтіп 1961 жылы АҚШ-та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Яғни қолданып жүрген тіс щеткамыздың тарихы осындай екен.

Қаңтар 30, 2008

Банан, банан,

төмендегі жазбалар Оқыңыз қызық... — zhannur @ 10:54 тд
Tags:

4-сыныпта оқитын інім Арман басқасы басқа, бірақ бананды басқа тәттілерден артық көреді. Ал әжем болса “мынау маймылдың тамағы неге жейсіңдер?”- дейді. Жақсылап ойландым “осы банан қайдан келген”. Сөйтсем, бананның үш түрі болады екен. 1.Брамин бананы, 2. Кармик немесе қытай бананы, 3.Палнтайн бананы. Және олар Африкада, Оңтүстік Азияда, Солтүстік Австралия және Малай архипилагында өсетін көпжылдық өсімдік екен. Бұлардың алғашқы 2 түрінің құрамында қант көп болғандықтан, оны үзген соң, көп тұрғызбай, пайдалану керек. Сондықтан  олар  бізге жеткенше жеуге жарамсыз болады. Ал үшінші түрі картопқа ұқсас, құрамында крахмал көп. Және жақсы сақталатын болғандықтан, көп жағдайда шетелдерге бананның осы түрін тасымалдайды. Яғни, біздің күнделікті жеп жүргеніміз осы палантайн бананы екен. (бұл туралы әжеме де айттым) Банан жоғарыдағы түрлердің ішінде тағы бірнеше сұрыпқа бөлінеді. Көп тараған түрлері “Гро Мишель”, “Кавендми”, “Лакатан” және “Қызыл Дакка” Айтпақшы, бананның құрамында біздің ағзамызға қажетті калий, магний, темір, марганец секілді көптеген минералды заттар мен С, В, В2,В6, РР дәрумендері бар. Сондықтан, бананды анда-санда жеп отырған дұрыс екен. 

Қаңтар 29, 2008

төмендегі жазбалар Ұлылар айтқан ұлы сөз. — zhannur @ 11:33 тд

     Мұсылмандық - дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл діннің қайнар көзі - Құран. Ал құран болса, әлем мәдениетінің негізгі іргетасы. Егер мұсылмандық жер жүзінен жойылар болса, дүние шайқалып кетер еді.

                                                                                                      Ф. Гостонкер.

“Кока-кола” тарихы

төмендегі жазбалар Оқыңыз қызық... — zhannur @ 11:26 тд

Озіміз күнделікті тұтынып жүрген сусындардың тарихын біле бермейтініміз бар. Жеке өз басым бұл сусынның тарихын өткен жылы ған бір газеттен оқыдым. Содан кейін жұрпен бөлісуді ойладым. Біреуге қызық болар, ал мүмкін кейбіреуіңіз білетін де шығарсыздар. Сонымен оқиық…

Баршамызға белгілі “Кока-кола” сусынының тарихы Атлантадағы қарапайым дәріханашы Джон Пембертонның ауласынан басталған екен. Ол 1886 жылы сироп дайындап, оны сол кездегі ең ірі дәріханалардың бірі - “Джейкобсқа” өткізеді. Сол күннен бастап сироптың әр стаканы бес центке бағаланып сатыла бастайды. Кейін дәріханадағы сатушылар сиропқа газдалған су қосады. Содан барып нағыз “Кока-кола” сусыны пайда болады екен. Ал “Кока-кола” атауын Пембертонның досы Фрэнк Робинсон деген адам ұсынады. “Кока-кола” сауда саттық бегісі заңды түрде 1893 жылы АҚШ-та бекітілген.

төмендегі жазбалар Ұлылар айтқан ұлы сөз. — zhannur @ 11:10 тд

… егер оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.

                                                                                                                       Сенека

Келесі бет »

WordPress.com -дағы блог.