01.29.08

Жазылған айдары Ұлылар айтқан ұлы сөз. at 11:33 тд жазған zhannur

     Мұсылмандық – дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл діннің қайнар көзі – Құран. Ал құран болса, әлем мәдениетінің негізгі іргетасы. Егер мұсылмандық жер жүзінен жойылар болса, дүние шайқалып кетер еді.

                                                                                                      Ф. Гостонкер.

“Кока-кола” тарихы

Жазылған айдары Оқыңыз қызық... at 11:26 тд жазған zhannur

Озіміз күнделікті тұтынып жүрген сусындардың тарихын біле бермейтініміз бар. Жеке өз басым бұл сусынның тарихын өткен жылы ған бір газеттен оқыдым. Содан кейін жұрпен бөлісуді ойладым. Біреуге қызық болар, ал мүмкін кейбіреуіңіз білетін де шығарсыздар. Сонымен оқиық…

Баршамызға белгілі “Кока-кола” сусынының тарихы Атлантадағы қарапайым дәріханашы Джон Пембертонның ауласынан басталған екен. Ол 1886 жылы сироп дайындап, оны сол кездегі ең ірі дәріханалардың бірі – “Джейкобсқа” өткізеді. Сол күннен бастап сироптың әр стаканы бес центке бағаланып сатыла бастайды. Кейін дәріханадағы сатушылар сиропқа газдалған су қосады. Содан барып нағыз “Кока-кола” сусыны пайда болады екен. Ал “Кока-кола” атауын Пембертонның досы Фрэнк Робинсон деген адам ұсынады. “Кока-кола” сауда саттық бегісі заңды түрде 1893 жылы АҚШ-та бекітілген.

Жазылған айдары Ұлылар айтқан ұлы сөз. at 11:10 тд жазған zhannur

… егер оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.

                                                                                                                       Сенека

Барды бағалай білейік!

Жазылған айдары Анау-мынау at 10:53 тд жазған zhannur

Адам сұлулығының сыры неде? Неліктен сұлу болғымыз келеді? Қалайша сұлулыққа құмармыз?

Айна алдында отырып бет-әлпетіміздің сұлулығына үңіле бергенше, бір сәтке болса да жан жүрегіміздің, ішкі дүниеміздің терең сырларына бойлап көрейікші…

Иә, сен сұлусың, сен әдемісің. Бірақ сыртқы сұлулығымыздан гөрі ішкі рухани жан дүниеміздің әсемдігіне неге мән бермейміз? Адам бойындағы асыл қасиеттердің ен негізгісі ішкі дүние сұлулығы емес пе?

Әрине, кез келген қыз бала сұлу болып көрінгісі келеді.Өңі сұлу болмаса да, түрлі бояуларды жағып, соңғы үлгіде киініп, сымбатты болуға тырысады. Сөйтіп жүріп өзіндік шынайы табиғи сипатынан, жақсы қылығынан айырылып қалады. Содан кейін жасандылыққа бой ұрады. Өз басым “өңі сұлу адамдар өмірде бақытты жандар” дегенге келісе алмаймын. Адамның жаны сұлу болса ғана, оның тәні де сұлу болмақ емес пе? Ең басты байлық – ішкі жанның сұлулығы, ішкі рухани құндылық. Алайда мұны түсініп жатқан қыздарымыз аз. Қазіргі кезде көптеген қыздар косметикалық бояуларды тым ерте қолдана бастайды. Сөйтіп жүріп оған тәуелді болып қалғанын сезбейді. Бояусыз уйден аттап шыға алмайтын болады. Бұл, әрине, өте аянышты. Қазіргі көп құрбыларымыз, замандастарымыз қазақ қыздарына тән табиғи сұлулықтан, ибалылықтан алшақтап барады. Жасанды болмыс-бітімнің, жасанды қылықтың керегі қанша? Өкініштісі бұл сұрақ қыздарды аз ойландырады, кейбіреуін мүлде ойландырмайды да.