01.30.08
Банан, банан,
4-сыныпта оқитын інім Арман басқасы басқа, бірақ бананды басқа тәттілерден артық көреді. Ал әжем болса “мынау маймылдың тамағы неге жейсіңдер?”- дейді. Жақсылап ойландым “осы банан қайдан келген”. Сөйтсем, бананның үш түрі болады екен. 1.Брамин бананы, 2. Кармик немесе қытай бананы, 3.Палнтайн бананы. Және олар Африкада, Оңтүстік Азияда, Солтүстік Австралия және Малай архипилагында өсетін көпжылдық өсімдік екен. Бұлардың алғашқы 2 түрінің құрамында қант көп болғандықтан, оны үзген соң, көп тұрғызбай, пайдалану керек. Сондықтан олар бізге жеткенше жеуге жарамсыз болады. Ал үшінші түрі картопқа ұқсас, құрамында крахмал көп. Және жақсы сақталатын болғандықтан, көп жағдайда шетелдерге бананның осы түрін тасымалдайды. Яғни, біздің күнделікті жеп жүргеніміз осы палантайн бананы екен. (бұл туралы әжеме де айттым) Банан жоғарыдағы түрлердің ішінде тағы бірнеше сұрыпқа бөлінеді. Көп тараған түрлері “Гро Мишель”, “Кавендми”, “Лакатан” және “Қызыл Дакка” Айтпақшы, бананның құрамында біздің ағзамызға қажетті калий, магний, темір, марганец секілді көптеген минералды заттар мен С, В, В2,В6, РР дәрумендері бар. Сондықтан, бананды анда-санда жеп отырған дұрыс екен.