02.19.08

Нұрдың күші…

Жазылған айдары Оқыңыз қызық... at 1:23 тк жазған zhannur

Бір күні Күн, Су, Жел жағажайда серуендеп жүрген ақ сазандай сұлу қыздың алқызыл көйлегін кім шешіндіре алар екен деп өзара бәстеседі. “Мен шешіндіремін!”-деп алаөкпе Жел бірінші ұмтылыпты. Алақ ұйындатып қойнынан да, қонышынан да сумаңдап, көйлегін жұлқылап, әбден әуреге түсіпті. Қанша жұлқыса да, екі түймесін ағытқаннан басқа дәрменге шамасы жетпепті.

“Е-хе-хе!”-деп сылқылдай күліпті Су. -Шамаң келмейтіні бар, несіне әуре болдың? Енді маған қара!”-деп толқынмен серпи қызды ақ көбікке шомылдырып алыпты да, ағысқа сап екпіндете жұлқи беріпті. Оның да көйлек тігісін сөккеннен басқа ештеңеге шамасы келмепті…

“Бұларың бос әурешілік,-депті сонда Күн көктен күлімдей қарап,-Қызды осынша жұлқып, әуреге салғандарың не?”-деп бар шуағы мен жылылығын жерге аямай төгіпті.

Күн нұрынан ыстықтар, терлей бастаған қыз еріксіз көйлегін шешіп, ақ денесін желге тосып, суға қарай аяңдаған екен.

Осындай қызық әңгімені Кентау қаласының тұрғыны Бекжігіт Сердәлі жазған екен. “Қазақ әдебиеті” газетінен алынды.

8 Пікір »

  1. bakytnur айтады,

    :)

  2. Arsenal777 айтады,

    Саған да рахмет :) тағы қандай күш жайында жазасың?

  3. janarai айтады,

    Қызықты әңгімелер болса осындай күш жайында. Онда жазармын.

  4. arsenal777 айтады,

    сол күштердің арасында махаббат жоқ па :) ?

  5. 100 баллов!

  6. В общем всё ок!

  7. Жорка айтады,

    Мне кажется очень полезная штука.

  8. Луйза айтады,

    кызыкты


Пікір жазыңыз