02.19.08

Тіс щеткасы Араб елінен тараған

Жазылған айдары Оқыңыз қызық... at 1:09 тк жазған zhannur

Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасының арғы тегі қайдан екенін білесіздер ме? Соны мен де білмедім. Жақында ғана интернетттен тауып алып, аударып сіздермен де бөлісіп отырмын. Негізгі әңгімеге көшейін. Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай  уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” (дұрыс атауы “мизвак” емес, “мисуәк”екен, сондықтан кешірім өтінемін) деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-ң “Дюпон” фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды. Сөйтіп 1961 жылы АҚШ-та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Яғни қолданып жүрген тіс щеткамыздың тарихы осындай екен.

7 Пікір »

  1. tomiris айтады,

    мизвак емес Мисуәк десең.
    Және Мисуәкті пайғамбарымыз көп пайдаланып бізге үлгі қалдырған. Мисуәк ағашы тістің эмалін сақтайтыны дәлелденген.

  2. urimtal айтады,

    Керемет пайдалы нәрсе. Мисуәкты қазір жұрт жиі қолданады. Бұған дейін: “Неге ағаш шайнап жүрсің?” деп сұрайтын еді, қазір түсінді. Тіпті мисуәктан жасалған арнайы тіс пасталары да сатылымға түсуде.

  3. bakytnur айтады,

    Misuaktan jasalgan pastalar bolsa bizge aitsandar hehe..

  4. janarai айтады,

    Жақсы. Мизвак атауы қате екен ғой. Ол үшін кешірім өтінем. Дұрыс атын бергеніңізге Томирис, сізге рахмет.

  5. akzere айтады,

    Рахмет, тарихын біліп жүрейік. Сіздің қысқа да нұсқа етіп жазуыңыз ұнайды, оқуға өте ыңғайлы :-)

  6. janarai айтады,

    Пікіріңізге рахмет.

  7. [...] болуына басты назар аударатын. Тістерін тазарту үшін мисуақ қолданатын. Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) [...]


Пікір жазыңыз