03.01.08
Көктем келді…
Алғашқы жазбаны жазғаннан кейін, күніне қарасам 1 наурыз. Бүгін көктемнің алғашқы күні. Сондықтан барша адамзатты көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын!
Қарағандыға көктем ерекше ауа-райымен келді. Аспаннан күн күлімдеп тұр, адамдардың барлығы ерекше бір көңіл күйде. Қыстық тондарын шешіп, жеңілденіп қалғандай.
Табиғат Ана әдемі әсемдікке бөленіп тұр!
Дәл бүгін, бәлкім, ақындардың жаңа бір өлеңі туып, қыздарымыз құлпырып, жігіттеріміз ғашық болып жатқан шығар….
Бұл көктем бізге мол жақсылығын берер!
Жауапты кезең!
Осы бір аптаның қалай өте шыққанын білмей қалдым. “Келер күн баяу жылжиды, бүгінгі күн сынаптай сырғиды, өткен күн құйындай ұйытқиды” деген сөздің жаны бар.
Бүгін тағы да күндегі әдетіміз бойынша университеттке келдік. Күні бойы дайындық үстінде болдық. Не үшін дейсіңдер ғой. Дүйсенбіден бастап, ҚарМУ мемлекеттік аттестациядан өтеді. Бұл аттестациядан әрбір жоғарғы оқу орны 4 жылда бір рет өтіп отырады екен. Ал біздің ҚарМУ алғаш рет 2004 жылы өткен. Енді міне, биылғы жылға дөп келіп тұр. Әйтеуір бізге келгенде барлығы дайын тұрады. (Тура биыл болуын қарашы!!!) Мектеп бітіретін жылы “тест”, “тест” деп республикада бірінші болып ҰБТ тапсырған едік. Бұл сынақтан өттік. Одан оқу орнына түскеннен кейін, яғни 2 курс бітіретін жылы Мемлекет аралық бақылау болды. Дәл бізге келгенде мұның да өткізу тәртібі өзгерді ғой. Жылда студенттер ҚарМУ-дың өзінде тапсыратын еді. Бұл жолы басқа университеке барып тапсырдық. Ол сынақтан да өттік. Енді дүйсенбі күні аттестация тапсырамыз. Тағы тест. Әр студент 72 балл жинау қажет. Бірақ журналистика кафедрасына мынадай өзгеріс қойыпты. Тележурналистика мен Публицистика жанры пәндерінен шығармашылық емтихан тапсырамыз. Ал Қазақ журналистикасының тарихы және Журналистикаға кіріспеден тест тапсырамыз. Бұл тек қана өзіміз үшін емес, кафедра үшін де жауапты сын.
Бұл сыннан да сүрінбей өту керек.