03.01.08

Жауапты кезең!

Жазылған айдары Анау-мынау tagged , , at 11:46 тд жазған zhannur

Осы бір аптаның қалай өте шыққанын білмей қалдым. “Келер күн баяу жылжиды, бүгінгі күн сынаптай сырғиды, өткен күн құйындай ұйытқиды” деген сөздің жаны бар.

Бүгін тағы да күндегі әдетіміз бойынша университеттке келдік. Күні бойы дайындық үстінде болдық. Не үшін дейсіңдер ғой. Дүйсенбіден бастап, ҚарМУ мемлекеттік аттестациядан өтеді. Бұл аттестациядан әрбір жоғарғы оқу орны 4 жылда бір рет өтіп отырады екен. Ал біздің ҚарМУ алғаш рет 2004 жылы өткен. Енді міне, биылғы жылға дөп келіп тұр. Әйтеуір бізге келгенде барлығы дайын тұрады. (Тура биыл болуын қарашы!!!) Мектеп бітіретін жылы “тест”, “тест” деп республикада бірінші болып ҰБТ тапсырған едік. Бұл сынақтан өттік. Одан оқу орнына түскеннен кейін, яғни 2 курс бітіретін жылы  Мемлекет аралық бақылау болды.  Дәл бізге келгенде мұның да өткізу тәртібі өзгерді ғой. Жылда студенттер ҚарМУ-дың өзінде тапсыратын еді. Бұл жолы басқа университеке барып тапсырдық. Ол сынақтан да өттік. Енді дүйсенбі күні аттестация тапсырамыз. Тағы тест. Әр студент 72 балл жинау қажет. Бірақ журналистика кафедрасына мынадай өзгеріс қойыпты. Тележурналистика мен Публицистика жанры пәндерінен шығармашылық емтихан тапсырамыз. Ал Қазақ журналистикасының тарихы және Журналистикаға кіріспеден тест тапсырамыз.  Бұл тек қана өзіміз үшін емес, кафедра үшін де жауапты сын.

Бұл сыннан да сүрінбей өту керек.

7Пікірлер »

  1. arsenal777 айтады,

    Наурыз 1, 2008 at 12:49 тк

    осыны оқып, өзімізді аяяяяяп кеттім.

  2. Bakytgul Salykhova айтады,

    Наурыз 2, 2008 at 6:33 тд

    Дүние жүзінің барлық университеттері өтіп тұратын сынақ қой. Студенттер де түрлі тесттер тапсырады. Жақсы дайындалып, ең жоғары балл жинауыңа тілектеспін.

  3. janarai айтады,

    Наурыз 3, 2008 at 11:24 тд

    Пікіріңізге рахмет, Бақытгүл. Жаңа ған тест тапсырып шықтық. Бәрі ойдағыдай өткендей.

  4. bakytnur айтады,

    Наурыз 5, 2008 at 9:34 тд

    Arsenalga da, sagan da tabys tileimin!

  5. urimtal айтады,

    Наурыз 7, 2008 at 5:38 тк

    Сынақтың көп болуы бір жағынан пайдалы да болар. Шынығасың :)
    ИншАллаһ, Сіздер үшін дүға қыламыз. Барлығына үлкен сәлем!

  6. arsenal777 айтады,

    Наурыз 10, 2008 at 4:39 тк

    рахмет, Бақытнұр! Өттік!!!!

  7. janarai айтады,

    Наурыз 11, 2008 at 12:14 тк

    Пейілдеріңізге, ниеттеріңізге үлкен рахмет! Бұл сынақтан да ойдағыдай өттік.

Пікір жазыңыз