03.01.08

Көктем келді…

Жазылған айдары Анау-мынау at 11:59 тд жазған zhannur

Алғашқы жазбаны жазғаннан кейін, күніне қарасам 1 наурыз. Бүгін көктемнің алғашқы күні. Сондықтан барша адамзатты көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын!

Қарағандыға көктем ерекше ауа-райымен келді. Аспаннан күн күлімдеп тұр, адамдардың барлығы ерекше бір көңіл күйде. Қыстық тондарын шешіп, жеңілденіп қалғандай.

Табиғат Ана әдемі әсемдікке бөленіп тұр!

Дәл бүгін, бәлкім, ақындардың жаңа бір өлеңі туып, қыздарымыз құлпырып, жігіттеріміз ғашық болып жатқан шығар….

Бұл көктем бізге мол жақсылығын  берер!

7 Пікір »

  1. arsenal777 айтады,

    Көктем келді, алақай!!! Тезірек қар еріп кетсіңші.

  2. janarai айтады,

    Айтпа, осы қыс қатты болды ғой, өзі. Бірде боран, бірде аяз

  3. urimtal айтады,

    Арқаға да көктем жетті. Тым ерте емес пе? Арқада қар кеш еритін тәрізді еді. Бұрын бәйшешек теруші едік :)

  4. bakytnur айтады,

    Koktem

    Koktem hildin algashky mezgili. Ol kelgende sai saladan su agyp, kar erip kun jylyna bastaidy dep shygarma jazushy edik

  5. baurdotnet айтады,

    Ия, Көктем сағындырып келді …

  6. janarai айтады,

    Бүгін де Арқада күн жылы. Меніңше кеш емес сияқты, бірақ әлі бәйшешек терген жоқпыз, ауылда болмаса, қалада қайдан бәйшешек тереміз. Алматы болса, бізден де бетер жылы шығар.
    Иә, Бақытнұр шығарманы мектепте жазушы едік, бірақ кейбіреулер қойын дәптерлеріне жазып отырады ғой.
    Бүгін даланың барлығы еріп жатыр. Жердің балшығы болмаса, бәрі жақсы. Бірақ көктемнің желі өзгеше ғой.

  7. tomiris айтады,

    Табигат кандай тамаша! Жур кеттик кызгалдак терип келейикши деп кол устасып жупты бузбай бириге кыдырып гашыктын дертимен махаббаттын умен мас болып ерип сынып, балкитын нагыз уакыты гой :) Коктем асер етсен агайын бир бастарына :) Ееее коктем алгашкы коктем суйемин сени ойткени кыстан шыгып коктемде кауышатын ушин суйемин сени деппа :) Сира коктем маган катты асер еткен секилди :) Еххх коктем!


Пікір жазыңыз