03.12.08
Жымиясың сен неге?
Жақында, дәлірек айтқанда ақпан айының соңында, кураторымыз Мартбек Тоқмырзаның тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Кітабының аты “Жымиясың сен неге?” Онда сатриалық әңгімелер, сықақ өлеңдер, шартты фельетондар мен интермедиялар топтастырылған. Оның көптеген сатиралық шығармалары республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жалын”, “Ара” т.б. басылымдарында жарық көрген.
Мартбек аға қазіргі қазақ сатирасының орта буын өкілі. Ол Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетінің түлегі. Отбасылық жағдайына келер болсақ - бір әйелі, екі ұлы бар. Осы кітаптан алынған бір-екілі (қысқа) сатиралық шығармалары.
ЕМТИХАН
Мал дәрігерлік институтта емтихан жүріп жатыр.
Профессор: Егер мал жұқпалы аурумен ауырса не істейміз?
Студент: Етке салып жібереміз.
Профессор: Шырағым-ау, сонда қалай? Ол малдың етін жеген адамдар ауруға шалдығады ғой.
Студент: Бұл сұрақтың бізге қатысы жоқ деп ойлаймын.
Прфессор: Неге?
Студент: Себебі, ауырған адамды біз емес, дәрігерлер емдеуге тиіс.
ҮЙЛЕНУ
Үйлену - өз еркіңмен қойнына жылан салу. Онымен өмір бойы арбасып өту. Егер ол шақпайтын болып кездессе - бағың жанды. Ал улы болса, сорыңды қайнатып шағады да отырады. Жыланның тісін қағып алып, залалсыздандыруға болады ғой. Бірақ ондай шеберлер сирек кездеседі.
arsenal777 айтады,
Наурыз 12, 2008 at 2:13 тк
Мартбек ағаны өткен мерей тойымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз! і/т: ҚЖ-43 тобы
Жаннұр, жарайсың!
makpal айтады,
Сәуір 2, 2008 at 10:53 тд
Емтихан жайлы тамаша жазылыпты
zhannur айтады,
Сәуір 3, 2008 at 6:52 тд
Рахмет! Мартбек ағаның барлық әңгімелері де қызық.