04.16.08
Арқаға қар жауды.
Кеше ғана ел жеңіл киімдерін киіп жатса, күн шуағына бөленіп жатса, бүгін Қарағандыға қыстың қаһары келді. Таң атқаннан күн суық еді, енді түстен бастап қар толастар емес. Оның үстіне жел қосылып, күн борандатып тұр. Естуімше кеше Астанада да қар жауып, боран болды деген. Сонда құрбым Әйгерім “сол қар ертең бізге келер” деп еді. Айтқаны келді. Көктемнің күлімдеген күнінде күннің күрт өзгеруі, мүмкін тылсым табиғаттың таңғажайыбы болар.
Askhat айтады,
Сәуір 16, 2008 at 2:12 тк
Қар жауса қызық болған екен. Алматыда да күн құбылып тұр деп естідім. Киевте де күн суытып кетті.
arsenal777 айтады,
Сәуір 16, 2008 at 4:00 тк
ия, бар бәле Астанадан. А мен Д жылап отыр, 20 см қар жауды деп))))))
bakytnur айтады,
Сәуір 16, 2008 at 4:57 тк
Uzagynan suindirsin!
baqytgul айтады,
Сәуір 16, 2008 at 5:31 тк
ауа-райының күрт өзгеруі көп қиындық туғызды. Сәуір айында қар жауғандықтан ұшақ Астананың әуежайына қона алмай Алматыға қайтып кетті дегенді естімеген екенмін. Өзім соның куәсі болдым, Аir-Астананың қызмет көрсету деңгейі қатты қынжылтты
zhannur айтады,
Сәуір 17, 2008 at 8:16 тд
Асхат аға, қалың киімдер алған боларсыз))))))
Арсенал жан, сол 20 см қар бізге де келіп жеткендей.
Бақытнұр, көктемде боран болғаны қызық болып тұр. Бүгін күн керемет аяз дәл қыстағыдай. Негізі әр нәрсе өз орнымен болған дұрыс қой.
Бақытгүл апай, еш нәрсенге таңқалмау керек екен))))))))
urimtal айтады,
Сәуір 17, 2008 at 4:05 тк
Сол жағы қиын болып тұр. Қалың киім алу керек екен.
bakytnur айтады,
Сәуір 21, 2008 at 2:58 тк
Allanyn kunine ara tuspeu kerek shygar )))