06.12.08
Диплом қорғалды.
Бүгін «Интернет журналистиканың құқықтық аспектілері» атты дипломдық жұмысымды 5-ке қорғап шықтым. Үстімнен бір жүк түскендей жақсы бір сезімдемін. Бұл тақырыпты зерттегеніме де жарты жылдың жүзі болды. Бір қызығы, зерттеу жұмысымды 5 мин. ішінде қорғап шықтым. Дипломдық жұмысты жазу барысында көмектескен ғылыми жетекшім, ұстазым Мейрамхан Сағынқызына және «өте жақсы» деп пікір білдіруші Асхат ағаға, маған керекті мәліметтер табыла қалса жинап жүрген Әлияға шын жүрегімнен алғыс білдіремін. Міне, студенттік кезеңнің соңғы сәттеріне де келіп жеттік. Енді дипломды аламыз, содан соң қызық пен қуанышқа толы студенттік өмірмен қоштасамыз. Осы төрт жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Тіпті аңғармай да қалдық. Ертең тобымыздағы қалған 5 бала тапсырады. Бүгінгі қорғауымыз Саяның туған күнімен тұспа-тұс келді. Дипломды тапсырып шыққаннан кейін, торт алып асханада шай іштік. Бәріміз қуаныштымыз, бірақ жанарымызда мұң бар….
urimtal айтады,
Маусым 12, 2008 at 12:27 тк
Дипломды сәтті қорғауыңмен құттықтаймын! Табысқа жете бер. Блогтан қол ұзып кетпессің деген ойдамын. Ендігі жазатындарың өте қызық болатын шығар
666aiko999 айтады,
Маусым 12, 2008 at 1:25 тк
құтты болсын дипломың! сосын Саянның туған күнімен дей саларсың Айконың атынан
))
студенттік шақтан кеттік деңдер. игілігіңе жарасын алған білімдерің! очна оқығандар ностальжи болатыны рас, өз басым сырттай оқығандықтан, 5 жыл оқыған оқу ұзаққа созылды. Сосын құтылғаным рас па өтірік пе деп, врученияға бармай қойдым. мен үшін бітпейтіндей болып көрінетін ВУЗда оқыған. шаршап кетем, түк қызық жоқ 70-80 жастағы апайлар өзі ойынан таңбайтын, 55 жылдары шыққан сарғайып кеткен кітаптар өзгермейтін система, қызықсыз парлар, тексерілмейтін конртольный работалар(әр сесия кезінде өткізген), ақша жиу, пара беру, өтірік күліп шығарып салу, фуууу КЗ-да ВУЗға көңіл бөлінеме айтыңдарч осыны? әлде мен бітірген универ ғана осындай системада отыр ма?
студенттік шақтан дым қалмапты есімде жақсы жағынан, есімдегі оқудан шыға салып жұмысқа шауып бара жатқан мен. түннің бір уағына дейін отырып жұмыс… сосын айта берсең кемшілік көп, маған бәрібір, менен кейін де бірталай түлек ұшар сол мотивациямен. мен керегімді алдым. БІЛІМ дейсіз бе? жоқ ДИПЛОМ. диплом для галочок* тендер ұтар кезде компанияның адамдарын жоғарылар бір тексергенде… очм мені жұмыстан шығарып жібермеу үшін
әлде алып қосарларыңыз бар ма? мүмкін сіздің ВУЗ керемет шығар? ешкім ВУЗ жайында неге жазбайды екен а? әлде бәрінің көңілі тоқ па жалғыз мен ғанамын ба аты Дырдай ВУЗға өпкелеп жүрген?
ойда жүрген сұрақтар ғо.
)))
Қырқып қой: опазияцияға өткен жоқпын әлі депті ХІІ ғасырда қытай жолаушысы
bakytnur айтады,
Маусым 12, 2008 at 3:57 тк
Kutty bolsyn Jannur!
Руслан айтады,
Маусым 13, 2008 at 12:55 тк
Құтты болсын дипломың! ))) Не ғой, ішіватсыңдар ма?
))
arsenal777 айтады,
Маусым 14, 2008 at 7:30 тд
zhannur айтады,
Маусым 15, 2008 at 3:11 тк
Асхат аға, рахмет! Әрине, қызық жазуға тырысамын.
Айко, рахмет. Сәлемінді жеткіземін. Иә, сағыныш болары сөзсіз. А, сырттай оқыдым де, ол қызық қой…Саған толықтай келісемін. Іш ауыртатын жағдайлар көп қой, бірақ ешкім ешнәрсе айтпайды. Жазады ғой, бірақ еш нәтиже жоқ. Енді оқу орнының бәрі жаман деп көпке топцырақ шашуға болмайды. Көш жүре түзеледі дейді ғой.
Рахмет, Бақытнұр!
Әлия, бәрі уақыт заңы ғой..
zhannur айтады,
Маусым 15, 2008 at 3:12 тк
Руслан, рахмет! Бірақ сенің пікіріңді спам ұстап қалыпты. Қоса алмадым.
Bakytgul Salykhova айтады,
Маусым 17, 2008 at 3:21 тк
Дипломың құтты болсын. Мұңайма
Өзіңе сенімді болуыңа тілектеспін
zhannur айтады,
Шілде 8, 2008 at 8:06 тд
рахмет Бақытгүл апай!