Қаңтар 30, 2008

Банан, банан,

Posted in Оқыңыз қызық... tagged at 10:54 тд жіберуші zhannur

4-сыныпта оқитын інім Арман басқасы басқа, бірақ бананды басқа тәттілерден артық көреді. Ал әжем болса «мынау маймылдың тамағы неге жейсіңдер?»- дейді. Жақсылап ойландым «осы банан қайдан келген». Сөйтсем, бананның үш түрі болады екен. 1.Брамин бананы, 2. Кармик немесе қытай бананы, 3.Палнтайн бананы. Және олар Африкада, Оңтүстік Азияда, Солтүстік Австралия және Малай архипилагында өсетін көпжылдық өсімдік екен. Бұлардың алғашқы 2 түрінің құрамында қант көп болғандықтан, оны үзген соң, көп тұрғызбай, пайдалану керек. Сондықтан  олар  бізге жеткенше жеуге жарамсыз болады. Ал үшінші түрі картопқа ұқсас, құрамында крахмал көп. Және жақсы сақталатын болғандықтан, көп жағдайда шетелдерге бананның осы түрін тасымалдайды. Яғни, біздің күнделікті жеп жүргеніміз осы палантайн бананы екен. (бұл туралы әжеме де айттым) Банан жоғарыдағы түрлердің ішінде тағы бірнеше сұрыпқа бөлінеді. Көп тараған түрлері «Гро Мишель», «Кавендми», «Лакатан» және «Қызыл Дакка» Айтпақшы, бананның құрамында біздің ағзамызға қажетті калий, магний, темір, марганец секілді көптеген минералды заттар мен С, В, В2,В6, РР дәрумендері бар. Сондықтан, бананды анда-санда жеп отырған дұрыс екен. 

Advertisements

4 пікір »

  1. bakytnur said,

    Indiada banan arzan edi, 1 rupee gana. 🙂

    Yagni 3 tenge 🙂

    Nagyz maimyl bolushy edik

  2. urimtal said,

    Малайлықтардың бананды қуырып дайындайтын бір тамағын жеген едім. Сонда олар банананның басқабір түрін пайдаланған екен ғой. Әйтпесе біз жеп жүрген бананды қуырса, мүлдем дәмсіз болар еді… Қызықты мәлімет екен. Негізі не жеп, не ішіп жүргенімізге мұқият болғанымыз жөн-ау. Енді бананнай қай түрін тұтынатынымды білетін болдым. Тек бір өтініш, бұл деректерді қайдан алғаныңды көрсетіп отырсаң жақсы болар еді. Рахмет!

  3. janarbek said,

    Sol 3 turli bananangdy Malaysiadan jep keldim. Plain banana unady. Baby bananalardy maimyldarga berip keldim.

    Aaa suretterin jakynda blogymda ilem 🙂

  4. janarai said,

    Pikirinizge rahmet.
    Jaksy, suretterdi korip kandai banan jep jupgenimizdi odan da jaksy biletin bolamyz.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: