Ақпан 19, 2008

Тіс щеткасы Араб елінен тараған

Posted in Оқыңыз қызық... at 1:09 тк жіберуші zhannur

Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасының арғы тегі қайдан екенін білесіздер ме? Соны мен де білмедім. Жақында ғана интернетттен тауып алып, аударып сіздермен де бөлісіп отырмын. Негізгі әңгімеге көшейін. Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай  уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. «Арак» ағашынан дайындалған тіс щеткасы «мисуәк» (дұрыс атауы «мизвак» емес, «мисуәк»екен, сондықтан кешірім өтінемін) деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-ң «Дюпон» фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды. Сөйтіп 1961 жылы АҚШ-та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Яғни қолданып жүрген тіс щеткамыздың тарихы осындай екен.

Advertisements

7 пікір »

  1. tomiris said,

    мизвак емес Мисуәк десең.
    Және Мисуәкті пайғамбарымыз көп пайдаланып бізге үлгі қалдырған. Мисуәк ағашы тістің эмалін сақтайтыны дәлелденген.

  2. urimtal said,

    Керемет пайдалы нәрсе. Мисуәкты қазір жұрт жиі қолданады. Бұған дейін: «Неге ағаш шайнап жүрсің?» деп сұрайтын еді, қазір түсінді. Тіпті мисуәктан жасалған арнайы тіс пасталары да сатылымға түсуде.

  3. bakytnur said,

    Misuaktan jasalgan pastalar bolsa bizge aitsandar hehe..

  4. janarai said,

    Жақсы. Мизвак атауы қате екен ғой. Ол үшін кешірім өтінем. Дұрыс атын бергеніңізге Томирис, сізге рахмет.

  5. akzere said,

    Рахмет, тарихын біліп жүрейік. Сіздің қысқа да нұсқа етіп жазуыңыз ұнайды, оқуға өте ыңғайлы 🙂

  6. janarai said,

    Пікіріңізге рахмет.

  7. […] болуына басты назар аударатын. Тістерін тазарту үшін мисуақ қолданатын. Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) […]


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: