Маусым 15, 2008

Блог – достық, туыстық….

Posted in Оқыңыз қызық... tagged , at 4:40 тк жіберуші zhannur

Блог бастағалы аз ғана уақыт болса да көп достар таптым. Меніңше тек қана мен емес сіздерде!Сондықтан блог тек өз ойыңды жазу, жеке күнделік жүргізу емес, бұл қарым-қатынас құралы екеніне сіздердің де, менің де көзім жетті. Әрқайсысымыз әртүрлі жазамыз, мінезіміз де, стиліміз де, (мәселен «дачы» блогшылар арасында қалыптасып келе жатқан жаңа сөз қолданысы авторы-Айко) тақырыбымыз да  әртүрлі, орналасқан ортамыз да әр қилы. Мысалы мен Қарағандыдамын, сіз Алматыдасыз, ол Астанада, енді бірі Ақтөбе, болмаса Америка, Корея сияқты алыс шет елдерде. Бірақ бізді байланыстырып отырған БЛОГ.  Блог арқылы бәріміз танысып, бір-бірімізді көрмесек те, бұрыннан таныс адамдардай араласамыз. Интернетте онсызда танысуға болады ғой, (чат арқылы, т.б.) бірақ блогшылар арасындағы таныстық мүлдем өзгеше. Әр блогқа кіресің, әр түрлі жазба оқисың. Әрқайсысы өзінше ерекше, әрқилы тақырып, әрқилы стиль. Біз белгілі бір тақырып аясында әңгіме бөлісеміз, пікір алмасамыз, кейде ойымыз да, мақсатымыз да бір арнада тоғысып жатады. Өзгенің берген пікірі кез келген блогшыға бағалы. Демек оның жазғаны сізді қызықтырады. Осылайша біздің арамызда таныстық та, достық та, туыстық қарым-қатынас та болып жатыр. Біріміз аға болып, қарындас болып, біріміз құрбы болып, дос болып жатырмыз. Енді мүмкін махаббат та туа қалар. (бұл жаңа ғана туып отырған идея)

Advertisements

11 пікір »

  1. bakytnur said,

    бұл жаңа ғана туып отырған идея? Kalai senemiz? )))

  2. urimtal said,

    Блог арқылы таныстықтың чаттан үлкен айырмашылығы бар, Жаннұр. Оны жақсы байқапсың. Себебі блогта адамның көңіл күйі, мінезі, сезімі болғандықтан авторды (блогшыны) жақынырақ танисың, Кездескенде де оны жақсы көріп (танып деген мағынада) тұрасың. Ал чаттағы адамдар тек жылдам, бір реттік қана танысу. Чатта адам өзі жайлы жалған мәлімет беруі де мүмкін. Бір жолы чат арқылы жігіт пен қыз танысып, кейін кездесуде жігіт қыздың машинасын ұрлап кеткен оқиғалар болған 😦
    Пы.Сы. Блогыңның жаңа дизайны жақсы екен.

  3. 666aiko999 said,

    блоктағы жақындық жақсы ғой…
    бір жерде отырып алып басқа да әлемді біліп отырасың. Менде мынандай сұрақ бар. неге әр елде(не тока шет ел, біздің әр каланын адамдарын айтам) жазатын блогерлер корген білгендерін тізіп жазбаска?. не обизательно темага просса корген білгендерін кунделік ретінде де жаза берсе болады гой. маган мысалы. бәрі кызык. себебі алматыдан баска еш кайда шыгып кормегем. Жаза беріңіздер, жаза беріңіздер. мен оқи берем 🙂

  4. arsenal777 said,

    🙂 блог коммуникация

  5. zhannur said,

    Иә, блогымды ашып не жазсам екен деп ойланып отырғанда туған ой ғой. Оны енді қалай дәлелдесем екен,а?
    Блогшылар арасындағы таныстықта ондай оқиғалар бола қоймас деген үміттеміз.
    Өте дұрыс, Айко.
    Әлия, сен сияқты зерттеген жоқпын, теориялық тұрғыда.))))

  6. zhannur said,

    Рахмет, Асхат аға. Бірақ түсі ұнамайды, өзгерте алмадым.

  7. Bauyrzhan said,

    Asqat, Пы.Сы. дегеннің орнына «ЗЫ» деп жазуға да болады 🙂

  8. nurbolatuli said,

    Жаннур мен блогшылардың қатарына енді қосылған жанмын! Білмеймін, бәлки дұрыс түсінбей жүрген шығармын, бірақтың блогосферада қазақтың тілін бұзып, әртүрлі сленг қолданатындарға жыным келеді. Ұнатпаймын! Анайы жазбаларды да көрдім! Қазақ айтушы еді осындайда, «ерікті ауызға-бөрікті бас» деп. Мұндай шектен шыққандарға өз арамызда кішкене ескерту жасасақ қайтеді? Мәселен, сенің жазғандарың маған ұнайды!

  9. bakytnur said,

    Askhat aga, al Bakytnur SEN! tusinikti 😀 (kaljyn)

  10. zhannur said,

    Рахмет, әр уақытта пікір алмасып тұрайық.

    Жақсы, жақсы енді саған сіз дейтін боламын, Бақытнұр.

  11. 666aiko999 said,

    nurbolatuli өз басым блог арасынан анайы-тұрпайы шеттен шыққандық анша көрген жоқ сияқтымын. Негізі өтірік жақсы сөздерді айта бергендіктенде кейде жалығып кетесің, Инетке Заңды бақылау* қойылмай тұрып, еркін кезде бір айтып қалғанға да не жетсін? сіз қалай ойлайсыз???
    жақсы сөйлеуге өз басым қарсылығым жоқ. кейде өзім жаман сөйлеп кететінім бар онымды мойындаймын. Алдын-ала оқырманан басымды иіп тұрып кешрім сұраймын артық кетсем.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: