Шілде 8, 2008

Сәлем достар!

Posted in Анау-мынау tagged , at 7:58 тд жіберуші zhannur

Сәлем достар, бүгін сендермен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Біраз уақыт бойы бұл кеңістікте болмадым. Дипломды қорғасымен ауылға кеттім. Ата-анамның қасында, таза ауада демалып, құрт, қаймақ жеп, қымыз ішіп, біраз тынығып қайттым. Жаңа блогымды ашып, әр блогқа кіріп жазбаларды оқыдым. Асхат аға, Әлия, Ақзере, Бақытнұр жазбаларыңыз өте қызықты. Сонымен, кеше көптен күткен күн жетті. Дипломды қолға алдық. (үздік деген мектеп бітіргенде ту түстес болып еді, бұл жолы қызыл таңқалдым. Ол түс совет үкіметі уақытында болушы еді ғой)  Студенттер сарайына адам көп жиналды, ата-аналар, туыстар, достар. Себебі тек журналистерге емес, филология факультеті болды. Содан кішігірім концерт өтті. Түлектер үшін жерлес әншіміз Сейіл Аяғанов ән шырқады. Бәрінің жүзінде қуаныш. Әрине қайталанып келмейтін шақ. Бірақ мен өзім бір түрлі сезімде болдым. Дегенмен де қимайды екенсің. Тобымыздың барлығы жиналды тек ортамызда тобымыздағы сұлу да сүйкімді  Әлия болмады. Әр адамның орны ерекше болады ғой, оның бізбен бірге болмағаны сезіліп тұрды. (есесіне мен 2 диплом алдым) Келесі жолы міндетті түрде тобым туралы кеңінін тоқталып жазамын.

Енді осы жазбаны жаза салып, дипломды қолға алып тағы Ақтүбекке кетем. (туған жерім Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылы біліп жүріңіздер..)).. )

Advertisements

9 пікір »

  1. arsenal777 said,

    Сейіл Аяғанов болды дейсің бе, күшті. Феруза қалай болды? 🙂 менсіз кетіп қалмашы ауылға, алатын нәрсені алу керек қой тағы. айтпақшы, блогшыларға аяғына дейін айтқан жоқсын ғой, айтатын нәрсенді)))) өзім айтам ондай болса 🙂

  2. zhannur said,

    Иә, 3 ән айтты. Қайрат Асқаровтың бір жаңа әні бар. Феруза жақсы, бірақ сен болмадың. Әрине кездесеміз ғой, мүмкін таңертең кетермін. Иә, уақыт бар ғой әлі айтамын. Қалайша айтпаймын!!!

  3. urimtal said,

    Әлия, неге өз дипломын алуға келмеді?
    Не де болса, айтқалы тұрғаның жақсы жаңалық болар, Жаннұр 🙂
    Диплом қолға тиді. Енді ауылға барып, журналистиканы әрі қарай дамытасың ба, әлде…

  4. 666aiko999 said,

    дипломның сыртында сонда біздің герб жоқ дейсіз бе? қызық екен. или не то түсніп қалдым ба?

  5. altynai said,

    Сәлем, Жаннұр. Диплом құтты болсын. Жемісін көр! Жұмысқа орналастың ба? Тағы да ақтөбеліктерден сәлем. Біз Индира, Кәмшат, Ербол, және мен Қарағандыға форумға барғанда кендер бірінші курс студенті едіңдер. Бәріне сәлім айтарсың. Анда-санда суреттерді ақтарып, сіздер туралы сыр шертісеміз.

  6. akzere said,

    Блогыңды ұмытып кетпе!!! Жақсы демалып қайт! 🙂

  7. Құрметті, Блогшы! Мен Азаттық Радиосы Интернет басылымының бұқарамен байланыс менеджерімін. Есімім Даурен, Контентмастер Блогыма кірген боларсыз. Азаттык Радиосынын активті маркетингтік жумыстарымен мен айналысудамын, сондыктан сізден сурарым біздің сілтемені
    http://www.azattyq.org өз блогыныздын тізіміне косып койсаныз!

  8. Луйза said,

    гер шынымды айтсам казакша блокты 1-ші рет окып отырмын. Баска алем сиякты сезинип отырмын. Неге десениз мен тек бурындары казакша китап коп окитын едим. Жане кишкене кезимде Казакстан айелдери деген журнал окитынмын.Сол кездин заманы сиякты есиме тусип отырганы. . . . . Мумкин буным дурыс та емес болар. . . . Бирде таксиде отырмын.Таксист улкен киси болгандыктан ешнарсе демедим. А ол киси казак радиосын койып койган.Сол кезде барып тусиндим казак радиосының али казакилыгы кетпегендигин. Ойладым уйге баргасын Казак радиосын ылги тындаймын деп.Бирак менин ортам оган сайкес келе бермейди.Сол ойым енди гана есиме тусип отыр.Мына блоктарды корип отырып . . . . Бирак нагыз казактар казакша сойлуи мун болып жатканда маган кеширилим болар немесе тусинистик. . . . .


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: